#Меркі ауданы: «Имани жаз» курсы жүріп жатыр

#Меркі ауданы: «Имани жаз» курсы жүріп жатыр

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданына қарасты «Жақсымбет» және «Жүніс молда мешіттерінде «Имани жаз» діни сауат ашу курсы тұрақты өтуде.

Меркі ауданының орталығында орналасқан «Жақсымбет» мешітінің шәкірттерінен 25 адам Құранға түсіп қазіргі таңда Құранды жүзінен жаттауда. Қалған шәкірттер мұғалім сәни кітабын бітіруге таяп қалды.

Ал, «Жүніс молда» мешітінің шәкірттерінен 12 бала Құранды жүзінен оқып, жаттау үстінде. 25 шәкірт мұғалім сәни кітабын аяқтауға жақын қалды.

Дәріс барысында шәкірттер зерігіп кетпес үшін ұстаздарымыз балаларды серуендетіп, спорттық ойындар ұйымдастырып, дастархан жайып тәттілер мен балмұздақтар таратып балалардың көңілін аулауда.

Алла Тағала мешіт қызметкерлерінің істеп жатқан амалдарын қабыл етіп, сауаптан жазып, елімізден, жерімізден Құран жаттаған шәкірттердің көптеп шығуын нәсіп етсін!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: