#Шу: "Төле би" мешітінің алқа мүшесіне велосипед сыйға тартылды

#Шу: "Төле би" мешітінің алқа мүшесіне велосипед сыйға тартылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Төле би" мешітінің имамы Талғат Кәрібайұлының ұйымдастыруымен атаған мешітте қызмет етіп, жамағаттың басын ұйыстырып, алға мүшесі болып жүрген Сәрсен Берденовке велосипед тарту етілді. 

Ағамыз мешіт тазалығы, ғимараттың ішкі-сыртқы жұмыстарында өте белсенді. Азаматтың Алла үйі үшін жан салып жасап жүрген ісі мақтан тұтарлық. Талғат имам Сәрсен Берденовтың игі істерін үлгі ретінде тілге тиек етіп, алғысын білдірді. Сондай-ақ мешіт атынан сыйлықты табыс етті.

Жиналған жамағат та разы болып, бірге дұғасын айтып, құттықтауын жаудырды.

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: