#Меркі ауданы: Мешітке сыйлық

#Меркі ауданы: Мешітке сыйлық

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданына қарасты «Достық» мешітінің жамағаты Алланың разылығы үшін шәкірттерге Құран Кәрімді қойып оқитын үстелдерді жасатып, шәкірттердің алаңдамай білім алулары үшін жағдай жасап жатыр.

«Достық» мешітінің ашылғанына 2 айдан асты. Жаңадан тағайындалған мешіттің имамы Халыллаев Тойлыбай бірден қызметіне кірісіп, мешіт жамағатына дәріс бастаған болатын. Мешіттің қажетіне жарайын деген азаматтар шәкірттердің дәрісін көріп, Құранды, кітаптарды қолдарына ұстап оқып жатқандарын көріп, дереу амалын жасап 20 дана Құран қойғыш жасатып, мешіттен жамағат тарағанда жасырын қойып кетіпті.

Жасырын жасалған жақсылықтың сауабының көптігі аят-хадистерде көптеп айтылады. Алла Тағаланың дініне қызмет етіп, мешітке қарайласып жүрген бауырларымыздың ниеттері қабыл болсын!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: