Қараман қаласындағы Явуз Сұлтан Селим атындағы бастауыш мектепте оқитын түрік оқушылары пластикалық бөтелкелерден Жер шарының түсті макетін жасады.
Қараман қаласындағы Явуз Сұлтан Селим атындағы бастауыш мектепте оқитын түрік оқушылары пластикалық бөтелкелерден Жер шарының түсті макетін жасады.
Саудиялық жас қыздардан құрылған «Bassmat Al-Badr» атты коммерциялық емес ұйым қасиетті Рамазан айында қайырымдылық шараларын қолға алды. Ұйым мүшелері ауызашарға санаулы уақыт қалғанда Жидда қаласындағы мұқтаж жандардың үйлерін аралап, күнделікті ауызашар азық-түліктерін таратады.
Джерба аралында өз тарихына тән көптеген мешіттер салынған. Бұл қатарда елдің қауіпсіздігін қорғау мақсатында қамал ретінде тұрғызылған құлшылық үйлері де болған көрінеді.
Ресей ғалымдары Түркия жерінен автокөлік іздеріне ұқсас жол сораптарын кезіктірді. Бұл жолдар көлік протекторлары ізіне қатты ұқсас, алайда ғалымдар жолтабан жер бетіне бұдан 14 млн жыл бұрын түскен дегенді айтуда.
Түгелдей қара киімге тұмшаланып жүруге тыйым салынғанымен, орамал мен хиджабқа тыйым салынбайды. Бұл туралы баспасөз жиыны кезінде Дін істері бойынша вице-министр Берік Арын мәлімдеді деп хабарлайды Today.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Ресей Федерациясындағы Перу елшісінің көмекшісі Хорхе Лазо дүйім жұрттың көзінше өзінің исламды қабылдағанын жариялады. Бұл жағдай Марат Қабай бастаған халықаралық ислам бизнесі ұйымдастырған ауызашар кезінде, яғни, "Рамазан шатырында" орын алды.