Саудиялық жас қыздардан құрылған «Bassmat Al-Badr» атты коммерциялық емес ұйым қасиетті Рамазан айында қайырымдылық шараларын қолға алды. Ұйым мүшелері ауызашарға санаулы уақыт қалғанда Жидда қаласындағы мұқтаж жандардың үйлерін аралап, күнделікті ауызашар азық-түліктерін таратады.
Әсіресе, асыраушысы жоқ жандар мен жетім қалған балаларға ерекше көңіл бөлінеді. «Біздің ең басты мақсатымыз – мұқтаж жандардың ішкі жан дүниелерін сезіну болып табылады.
Оларға азық-түлік тасу қыз балалар үшін ауыр жұмыс, дегенмен, ертең мұның сауабы одан да зор деп үміттенеміз. Себебі, мұқтаж жандардың жүзінен қуаныш көру адамның жүрегін тебірентеді» деді ұйым мүшелері.
kazislam.kz
Алла тағала Құран кәрімде: «Шамаларың келгенше Алладан именіңдер оның айтқанына бойсыныңдар,Алла жолында мал мүліктеріңді жұмсаңдар. Бұл өздерің үшін қайырлы. Кімде- кім нәпсі сараңдығынан сақтанса ол мақсатына жетуші. Егер Алла ризалығы үшін дүние жұмсасаңдар,Алла оның есесін еселеп қайтарады. Алла береген кеңпейіл,жазалауға асықпайды. Ол құпияны да,әшкерені де білуші. Ол аса үстем хикмет иесі»(Тағабун сүресі 16-18 аяттар).