Түркияда білімгерлер жұма күні сабақ оқуға қарсылық білдіруде.

Түркияда білімгерлер жұма күні сабақ оқуға қарсылық білдіруде.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Стамбул студенттері сабақтар мен емтихандарды мұсылмандар үшін қасиетті саналатын жұма күні өткізуді  болдырмау үшін барлық оқу орындарында митингтер өткізді, деп хабарлайды timeturk.com.


Наразылық акциясы елдегі белгілі анатолиялық жастар бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен. Акцияға қатысушылар Стамбул университетінің орталық кіреберісінде жиналды.  
Бірлестіктің өкілі Мұхаммед Аджардың айтуынша, мұсылман елдеріндегі көптеген оқу орындарында жұма демалыс күні болып табылады. Түрік студенттері Алла алдындағы парыздарын орындаймыз деп, жұма намазына қатысу арқылы сабақтарды өткізіп алып,  үлгерімдерінің біраз төмендеп кеткенін басты себеп деп отыр.


«Әр жұма күні дүниелік  тәртіптердің құрбаны болғымыз келмейді, сол себепті біз сабақ  кестесін өзгертуді талап етіп отырмыз. Бізге  намаз немесе емтиханға баруға таңдау жасауға мәжбүр етпеулеріңізді сұраймыз», - деп мәлімдеді Аджар.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: