ЖАҺАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
Владимир Путин ресейлік мұсылмандарды  Ораза-айт мейрамымен және Қасиетті Рамазан айының сәтті аяқталуымен құттықтады.  Құттықтау дербес жағдайда хабарланды: «Қасиетті Рамазан айынан кейінгі Ораза-айт мейрамы рухани және адамдық кемелденуге, кембағалдар мен кедей-кепшіктерге көмектесуге шақыратын, сауапты істерді молынан атқаратын бірден-бір мереке.  Осы айтулы мейрамды ресейлік мұсылмандар сан жылдар бойы мәдениетінің бір бөлшегіне айналған мейрам ретінде ерекше тойлайтынын атап өткім келеді. Ресейдің мұсылман қауымы бұл мерекені тойлауда белсенді»дейді, Ресей басшысы.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
Франция басшылары жоғары оқу орындары мен сырттағы өзге де білім ордаларында хиджаб киюге тыйым салынған заң жобасын қарау үстінде. Аталмыш мемлекетте хиджабты, қазірдің өзінде, қоғамдық жердің көпшілігінде киюге тыйым салынуда, "Коммерсант" жеткізеді. Франциялық Ұлттық Кеңес жағдай бойынша бірігіп жоғары оқу орындарында зайырлы мемлекет және "діни бостандыққа" сүйене отырып бағдарлама әзірлеуде. Құжат елдің парламентінің қарауында болады.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
Сауд Арабия және Катар Ид әл-Фитр мейрамына байланысты мемлекеттік қызметшілерге ең ұзақ демалысты тағайындады, Gulf News хабарлайды. Демалыс 12 күнге ұзарады. «Барлық мемлекеттік қызметшілерге демалыс мұсылман күнтізбесі бойынша Рамазан 25-інен бастап шаууалдың 6-сына дейін ұзартылады» дейді Сауд Арабиялық басшылық, Islamnews жұқтырады.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
   Айды қадағалаудың халықаралық жобасы онлайн  режимге қосылмақ, "Аль-Арабия" жұқтырады. Аталмыш бақылау Рамазан айының бітуін тамашалау болып табылады, Islamnews жеткізеді.Қадағалау  космостық түсірілім мен телескоптың игеруімен болады.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
   Түркияның  мемлекеттік азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын мекемесі түрік үкіметінен  хиджабқа қарсы салынған тыйымның орындатылмауын мемлекеттік деңгейде сұрады, SalamNews жеткізеді.
Түркияның  мемлекеттік азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын мекемесінің төрағасы, омбудсмен Нихат Омероглу Түркияның премьер-министрі Реджеп Тайип Эрдоганға  елдегі еркін киіну туралы заңды қатаңдатпауын және хиджаб кигендігі үшін жұмыстан шыққан барлық жұмыскерлерді қайта жұмысқа алынуын өтінген  ресми арызын жіберді.
Егер аталмыш хаттың түрік үкіметінің тарапынан менсінбеушілік болса, онда, Түркиядағы адам құқықтарын қорғау мақсатында халықаралық еуро сотқа шағымданатынын жеткізді.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
   Ресейдегі ең үздік хафиз болып (құранның барлық сүрелерін араб тілінде жатқа әрі әуезді оқу) Дағыстандық ислам университетінің студенті Абдулгаджи Ильясов болды. Бұл Тәжім тауының "Рамазан шатыры" деген фестивальдің шегінде өткен бүкілресейлік конкурстың қорытындылары туралы, Итар-тасста бүгін Ресей муфтияты кеңесі төрағасының орынбасары  Рушан Аббясов хабарлады.  Оның айтуынша, жарыстың жеңімпазы қыркүйек айында Ресейдің Мәскеу қаласында әлемнің 30 елінің өкілдерінің қатысуымен  өтетін халықаралық конкурсына қатысу мүмкіндігіне ие болды.
«Құранның барлық сүрелері, яғни, 600 беттік мазмұнды жаттау үшін жарты жылдан 2-3 жылға дейінгі аралықтағы уақыт кетеді. Құран оқушының әдемі әуезді даусы мен Құран оқу талаптарын жақсы меңгергендігі бағаланады. Құранды түгел жатқа білген хафиздер дінімізді ғасырлар бойғы жалғасып, өркендеуіне өз ықпалдарын тигізеді»- дейді, Аббясов өз сөзінде.