Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у.) мешітінде таң намазының сүннетін оқып жатқан кезінде африкалық егде ер адам бақилық болды. Бұл туралы Akhbaar24 сілтемесі арқылы «аzan.kz» сайты мәлімдеді.
Осы жылдың 4 сәуірінде Қазан қаласында бүкілресейлік «Ислам-online» конференциясы өтеді. Мұндағы мақсат мұсылман журналистері мен мұсылман БАҚ порталдарын дәстүрлі Ислам құндылықтарын насихаттау үшін біріктіру.
ҚР Ұлттық Ғылым академиясында бұрынғы Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі мырзаны Р.Б.Сүлейменов атындағы Қазақстан Республикасы Ғылым министрлігінің Шығыстану институтының директоры қызметіне тағайындауға байланысты Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов баспасөз-конференциясын өткізді. Бұл туралы «Azan.kz.» сайты мәлімдеді.
Лондонда орналасқан «City University» американдық университетінің бір топ мұсылман студенттері осы оқу орнының басшылығын оқу орнында жұма намазы оқылып жүрген намазхананың біреуін жауып тастағаны себепті, расизм (нәсілдік теңсіздік) бойынша айыптап отыр. Наразылық танытқан студенттер арнайы топ құрып, университет басшылығының мұсылман студенттерге әділетсіздік жасап отырғанын және бұл шешімнен бас тартуын талап етті.
Құран каллиграфиясы бойынша жарияланған конкурс Татарстанда өтеді. Бұл жарысты өткізудегі мақсат қоғамның назарын тыс қалып жүрген өнердің осы түріне жастар мен мұсылмандардың назарын аудару және көркемжазу өнерінің барлық мүмкіндіктерін насихаттау екен.
«asyldin.kz» - әлемде және елімізде болып жатқан діни жаңалықтардан хабар беретін, оқырмандардың рухани және діни танымын арттырып, діни сұранысын қамтамасыз етуге бағытталған Жамбыл облыстық орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің ресми діни-танымдық, ақпараттық порталы.