Мұсылман Түркиядан ғарышқа құранмен ұшпақ.

Мұсылман Түркиядан ғарышқа құранмен ұшпақ.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 
Ақысыз ғарышқа ұшуға мүмкіндікті жеңіп алған түрік азаматы ғарышқа ұшқандардан намаз оқитын алғаш адам болып табылады, timeturk.com басылымы хабарлайды. Түркияның 41-жастағы азаматы Кайгысыз Эрджан, қысқа жылытқыш сатып алып, ғарышқа ұшқанға лотереялық билетті ұтып алды. Кайгысыздың айтуынша, әуелі ол бұған қатты көңілмен қарамаған және лотереяға қызық үшін қатысқан екен. Алайда жеңімпаз болғанда ол қатты таң қалғанын жасырмады. «Менің қуанышым шексіз. Ауылдық тұрғын мына мен әлемде көретінімді ойласам әлі де сене алар емеспін» дейді, - Кайгысыз. Түрік азаматының сөзінше, ол бұл сәттілікті Аллаға деген сенімімен және күнделікті құлшылықтарымен байланыстырады. "Тап сол себептен мен ғарышқа үш затты: құран, намаз оқитын жайнамаз және Түркияның жалауын алып ұшамын. Сәті түссе, мен ғарышта екі рет намаз оқымақпын" дейді, - Кайгысыз.
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: