ЖАҺАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Сауд Арабиясы билігі еркектерге төрт елдің азаматшаларымен некелесуге тыйым салды. Саудиялық азаматтар енді Чад, Пәкістан, Мьянма мен Бангладеш азаматшаларына үйлене алмайды.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Араб түбегінде асқынып тұрған түйе тымауына қарсы екпе егілмеген қазақстандықтар қажылыққа бара алмайды. Қауіпсіздік шарасы мақсатында қолға алынған бұл шектеу аясында екпе егілмегендерге виза берілмейді.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз еліміздегі қарилар орталығының жетекшілерімен кездесті. Басқосуда шәкірттерді қысқа мерзімде Құранды толық жаттауға үйрету, мешіттерде Құран хатым етуге дайындау, жұмыс тәртібі, болашақ қарилардың жан-жақты білімін арттыру, т.б. мәселелер талқыланды.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Мекке провинциясының әміршісі Жидда қаласының кейбір сауда орталықтарында сатылымға шығып кеткен Құранның күмәнді нұсқаларын тәркілеуге жарлық шығарды. Ханзада Мишааль бин Абдулланың тапсырмасымен жалған Құранды таратушылар мен шығарушыларды анықтау мақсатында арнайы топ құрылды.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

«Жасырын Ислам». Итальяндық фотограф Николо Дегиоргистің монографиялық альбомының осылай аталады. Аталмыш альбомда фотографтың Италия мемлекетіндегі мұсылман жамағатының өмірінен сыр шертетін суреттері топтастырылған.  Италияда миллиондаған мұсылман жамағаты болса да, ел аумағында бар болғаны жеті-ақ мешіт жұмыс жасайтын көрінеді.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Тайланд теміржол секторы вагондардың жаңа түрімен толықты. Ер адамдармен сапарлас болғанды құп көрмейтін ақжаулықтылар үшін Тайланд билігі тек әйелдерге арналған вагон түрлерін шығаруды қолға алды.