Шешенстанда алғаш рет мылқау жандар арасында Құран жарысы ұйымдастырылды. Аталған бұл жарыс түрі Шешенстанда ғана емес, Ресейдің өзінде алғаш рет өтіп отыр.
Жарыста барлық қатысушылар үш топқа бөлінді. Жарыс алдында қатысушылар дәретті дұрыс алу, намазды дұрыс оқу, құранды қатесіз оқуды үйрететін дайындық курсынан өткізілген. Сондай-ақ, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өмірбаяны жайында дәріс те тыңдаған.
islam.kz