Америка Құрама Штаттарының құққыққорғау ұйымдарының бірі әлеуметтік желілер арқылы мұсылмандарға қысым көрсетуге және исламофобияға қарсы күрес кампаниясын іске қосты.
«Қысым көрсету және цензура қазіргі қоғамның бір бөлігіне айналып кеткендей, бірақ бұны өзгертуге болады, – делінген Мұсылмандардың қоғамдық істері жөніндегі кеңестің Facebook парақшасында жарияланған хабарламада. – Адамзат баласының әлемде болып жатқан әділетсіздіктерге, Палестина мен Сирия, Ирак, Мьянма, Нигерия, Қытайда болып жатқан қантөгістер мен қысым көрсетушілікке қарсы тұратын уақыты жетті».
Жоба белсенділері Twitter, Instagram, Facebook секілді әлеуметтік желілерді қолдана отырып, қоғам және билік назарын мұсылмандар басынан өтіп жатқан мәселелерге аударуды көздейді.
muslim.kz