ЖАҺАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Ирак және Левента Ислам мемлекеті ТМД елдеріне, оның ішінде Қазақстанға, Ресейге және Әзірбайжанға тікелей қауіп төндіре алады. Бұл мәселені лаңкестікке қатысты Мәскеуде өткен арнайы жиында бір топ сарапшы кеңінен талқылады деп жазады "Новый регион" атты ресейлік басылым.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

2014 жылы Сирияда мектепке жасалған шабуылдардан 160 оқушы мерт болып, 343 оқушы жарақаттанған.  Бұл туралы БҰҰ ЮНИСЕФ балалар қорының төрағасы Кристоф Бульерак мәлімдеді. БҰҰ дерегі бойынша, Сириядағы қарулы қақтығыстан бір жарым миллион бала мектепке бармайды.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Германияда Батыста исламның тарауына қарсы 30 мыңға жуық адам наразылық білдіріп жатыр. Рейтер агенттігінің хабарлауынша, Дрезденде ең көп демонстранттар қатысқан акция өтті.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Иерусалимде археологтар Ирод патшаның сарайы болған ғимараттың орнын тапты, - деп хабарлайды КорреспонденТ.net The Washington Post басылымына сілтеме жасап. Ғалымдардың айтуынша, Иса пайғамбардың соты өткен ғимарат - осы.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Түркияда мемлекеттік қызметкерлер мен саясаткерлердің және кәсіпкерлердің телефон әңгімелерін заңсыз тыңдады деген айыппен 20 полиция офицері қамауға алынды. 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Алғаш рет ТМД-да 2015 жылдың 19-21 мамырында Алматыда Ислам қаржылық қызметтері кеңесінің 12-ші Саммиті (IFSB) өтеді. ҚР Ұлттық Банкі мен IFSB арасындағы аталған іс-шараны өткізу жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.