Швейцариялықтар су астында суретке түсіретін «балық» ойлап тапты

Швейцариялықтар су астында суретке түсіретін «балық» ойлап тапты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Цюрихтегі Швейцария федералды технологиялық институтының студенттері Sepios жобасын жетілдіру үстінде. Аталмыш жоба балық түрінде жасалған робот құрылғының көмегімен су астындағы түсірілімнің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Росбалт. 

Роботтың ұзындығы 0,7 метр, ал салмағы 22,7 келі, жүзбе қанаттарының өрісі 0,95 метрді құрайды екен. Қолда бар ақпаратқа сүйенсек, роботтағы 4 басқарылатын жүзбе қанаттың арқасында «балық» кез келген осьте айналып, кез келген бағытта қозғала алады.

Роботтың ең жоғары жылдамдығы сағатына 1,8 шақырымға дейін жетеді, сондай-ақ ол 10 метр тереңдікке дейін кіре алады, деп жазады S2 порталы.

hibatulla.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: