"Әл-Каида" лаңкестік ұйымы Париждегі "Шарли Эбдо" журналының баспасына шабуыл жасағанын растады. Содырлар Францияда тағы лаңкестік әрекеттер жасалады деп сес көрсеткен.
Айта кетейік, жақында Францияның арнайы қызметі экстремистердің көзін жою үшін екі операция жүргізген болатын. Париж маңындағы Даммартен өңірінде журнал редакциясына шабуыл жасаған ағайынды Куашилердің көзі жойылған .
Ал олар баспаханада тұтқынға алған адам дін-аман. Оған қоса, кеше Париж маңында Амеди Кулибали есімді содыр дүкендердің бірінде адамдарды тұтқынға алып, тәртіп сақшыларынан ағайынды Куашилерді іздеуді тоқтатуды талап еткен. Кейіннен оның да көзі жойылды. Алайда лаңкес 4 тұтқынды мерт қылып үлгерген.
Оқиға аяқталысымен елдегі Монпелье қаласында да ер адам зергерлік бұйымдар дүкенінде бірнеше тұрғынды тұтқынға алды. Әзірге полицейлер онымен келіссөздер жүргізуде.
Ақпарат көздері бұл жолғы оқиғаның Париждегі лаңкестікпен еш қатысы жоқ екенін хабарлайды.
nur.kz