Марокколық мұсылман әйел әйелдер арасындағы әлем чемпионатына қатысқан алғашқы хиджаб киген спортшы атанды. Марокколық Нухайла Бензина 24 шілдеде Германияға қарсы ұлттық құрамаға қосылып, турнир тарихында хиджаб киген алғашқы ойыншы атанды, деп хабарлайды IslamNews Al Jazeera арнасына сілтеме жасап.