Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы асыл дініміз бен ұлттық салт-санамызды ұштастырған көркем шығармалардың озық үлгілерін дәріптеу мақсатында сәуір айында «ДІН МЕН ДӘСТҮР» республикалық жыр мүшәйрасын жариялаған болатын. Көпшіліктің сұрауы бойынша мүшәйраға шығармалардың қабылдау уақыты 2023 жылдың 10 қыркүйегіне дейін ұзартылды. Мүшәйраға қатысу талаптары төмендегідей.