ҚОСТАНАЙ: КІТАПХАНАҒА ЕРТАЙ БАЛАХМЕТ ЕСІМІ БЕРІЛДІ

ҚОСТАНАЙ: КІТАПХАНАҒА ЕРТАЙ БАЛАХМЕТ ЕСІМІ БЕРІЛДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қостанай өңіріне белгілі дін қайраткері, ғалым, ұзақ жылдар бойы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының осы облыстағы өкіл имамы болып абыроймен қызмет атқарған Ертай қажы Балахметтің есімі мешіт жанындағы кітапханаға берілді.

Дәлірек айтқанда, Республика күні яғни, 25 қазанда облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешіті жанындағы Файзолла қари оқу орталығындағы кітапханаға Ертай Исламұлының есімін беруге байланысты салтанатты шара өтті. Оған облыс бас имамы Бахытбек Тәжімбет бастаған Ертай қажының дін қызметіндегі әріптестері мен шәкірттері, қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, жары Майнұр, туған-туыстары және ұрпақтары қатысты.

Көзкөрген замандастары, зиялы қауым өкілдері тебірене естеліктер айтса, үлкен ұлы, наиб имам Әлішер Балахмет қатысушыларға шынайы алғысын білдіріп, кітапханаға әкесінің оқырмандар тарапынан үлкен сұранысқа ие болған «Үш Алаш» кітабын сыйға тартты.  

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: