Башқұртстанда жаңа жоба бастау алды. Бұл жоба аясында халыққа тегін құқықтық көмек көрсетілмек. Кез келген адам халықтық я діни мәселелер бойынша маманға жүгіне алады. Аталмыш жоба РФ Ассоциациясы мұсылман-кәсіпкерлерінің қолдауымен іске асып отыр.

Түркия билігі қызметкерлер мен жұмысшылардың жұма намазына баруына жағдай жасайтын болды. Яғни, жұма намазына барғаны үшін ешкімді жұмыстан қумайды. Бұл жайында премьер-министр Ахмет Дәуітұлы парламент фракциясының мәжілісінде мәлім етті.
2016 жылы мұсылмандарды ескеріп Ұлыбританияда орта білім беру саласындағы емтихан уақытын қасиетті Рамазан айымен тұспа-тұс келтірмейтін болды. Биыл Рамазан айы маусым айында басталатынын айта кеткен жөн.
Соңғы 50 жылдықта Америкада жаңа туылған нәрестелерге Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) есімін қоюшылар саны 100 рет жиі ұшырасатын болды. 1964 жылда АҚШ-та тек 29 Мұхаммад есімді сәби дүниеге келген. Алайда жыл үстіне жыл қосылған сайын осы атты қою көбейіп барады.
«Периядағы кішкентай мешіт» (Little Mosque on the Prairie) атты танымал канадалық комедияның продюсері Зарка Наваз (Zarka Nawaz) өзінің киімдер үлгісін ұсынды.
Гамбия республикасында мемлекеттік қызметтегі қыз-келіншектерге жұмыс орнына орамалсыз келуге тыйым салынды, деп хабарлайды «Ресей BBC қызметі». Жаңа құжатқа сәйкес, ел билігі әйел затынан қызмет кеңсесінде шашын жинақы ұстап, орамал тағуын талап етеді.