70 жастағы қарт жиған-тергенін ауылындағы көпірдің салынуына жұмсады

70 жастағы қарт жиған-тергенін ауылындағы көпірдің салынуына жұмсады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

70 жастағы У Юэюн жинаған ақшасының бәрін көпірдің құрылысына берді. Мұндай қадамға ол туған ауылының жөндеу жұмыстары үшін қажетті қаржыны алмағанын естігеннен кейін барған. 

Оның берген ақшасының сомасы шамамен 18,2 мың долларды құрады. Қарт ер адам көше сатушысы болып жұмыс істеп, бұл ақшаны төрт жыл тірнектеп жинаған еді.

Көпірдің құрылысы У үшін үлкен маңызы бар, себебі, балалық шағында ол бұл көпірмен көршілес ауылдағы достарына жүгіріп барып-келіп жүрген. Бірақ, төрт жыл бұрын көпір толассыз жауған нөсер салдарынан опырылып құлады.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: