Елабуг қаласының орталық мешітінде қысқы демалысқа орай, мектеп оқушыларына арналған қысқы лагерь ұйымдастырылды. Балалар апта бойы лагерьге үлкен құлшыныспен келіп, Құран сүрелерін, әрбір мұсылманға қажетті дұғаларды жаттап, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) өнегелі ғұмыры мен өмірлік жолы жайында дәрістер өтті.
Оқушылар түрлі қызықты ойындар ойнап, бос уақыттарын пайдалы өткізді. Лагерьдің жабылу салтанатында хазрет Халим Шамсутдинов балдырғандарға осында алған ілімдерін өмірде пайдалануға кеңес беріп, дұға-тілектер айтты.
һibatulla.kz


03 Сәуір 2026
15 Шавваль 1447

