НАСИХАТ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Заңғар жазушы Мұхтар Әуезов: «Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса, ел болғаның қайсы?» дегеніндей қазақ жастарына бағыт-бағдар көрсету – аға буынның еншісінде. Бүгінгі жастар ертең ел тізгінін ұстайды. Ұлттық құндылығымыз бен бабалар мұрасын арқалау – солардың міндеті. Тарихтың тағылымын бүгінгі біліммен сабақтастыру заманның озық ғылымын меңгерумен жүзеге асады.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Ізгілердің өмір жолына үңілсек, олардың өз уақытын өте тиімді пайдаланғанын көреміз. Әсіресе Алла Тағалаға жақындататын, сауаптар еселеніп берілетін айларда, күндерде, түндерде, сағаттарда Алланы еске алу, намаз, ораза секілді құлшылықтарды арттыратын. Сондай сауапты түндердің бірі Шағбан айының 14-інен 15-іне қараған түн. Ол қасиетті түн «Бараат түні» деп аталады. Биыл Бараат түні ақпан айының 13-інен 14-іне қараған түнге сәйкес келіп тұр.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Нәпсіні тазарту ол – күпірліктен, надандықтан, жаман сезімнен және жағымсыз мінезден арылу деген сөз. Яғни, нәпсіні шариғатқа қайшы келетін әр түрлі сенімдерден, мінез-құлықтан және іс-амалдарға байланысты қателіктерден арылту деген сөз. Оны тазартып, жамандықтардан арылған жан  иман, парасат, білім, хикмет, даналық және көркем мінез секілді тақуалық қасиеттермен тәрбиелеп, руханиятқа өзін баулу қажет.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Біз әр күні жаңа шыңдарды алуға, беймәлім дүниелерді білуге әрі Құран аяттарын жаттап, жаңа тілдер үйреніп біраз да болса өмірімізді жақсы жаққа қарай өзгертуге тырысамыз.

Ислам күнделікті жасалатын істерге кемелденген тәсілдемені талап етеді.  Сол себепті де біз өзімізді рухани және тән саулығы жағынан жетілдіріп отыруымыз қажет. Өміріміздің әрбір сәтін пайдалы өткізу маңызды. Алайда бұл үшін адам баласына өмірден дұрыс қуат көзін алу керек екенін естен шығара береміз.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Әбу Умама әл-Бахили (р.а.) күндердің күнінде Пайғамбарымызға (ﷺ)дінді жаңа қабылдаған бір жігіттің келіп былай айтқандығын келтірген:

«Уа, Алла Елшісі, маған зина жасауға рұқсат берші!». Бұл сөзді естігендер үрейленіп, әлгі жігітке жақындап, оны сөгіп, ұялта бастайды. «Жап аузыңды, жап!» - деп ұрса жөнеледі.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Жер бетіндегі нәзік жандылардың бәрі бірдей күйеулерінің өздері дегенде ішкен астарын жерге қоятынын қалайтыны сөзсіз. Әр әйел күйеуінің онымен бірге бақытты болғанын қалайды, бірақ ол үшін әйел адам ерінің жүрегін жаулап алуы тиіс. Мұсылман келіншектерге арнап, күйеулерінің жүрегін жаулап алуға көмектесетін бірнеше кеңестерімізбен бөлісеміз: