НАСИХАТ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Қадірлі жамағат!

Баршаңызды шарапаты мол Шағбан айының келуімен шын жүректен құттықтаймын!

Қасиетті Рамазан айының келгенін сүйіншілейтін Шағбанда әр шаңыраққа шаттық, бақыт пен береке тілеймін. Алла Тағала осы айда жасайтын дұға-тілектерімізді, құлшылық-ғибадаттарымызды қабыл еткей!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

«Таза нәрселерден жеңдер және ізгі іс істеңдер», – деп, мұсылман адамның жейтін асы адал, атқаратын ісі де ізгі болуы керектігін бұйырған («Муминун» сүресі, 51-аят).

Адам баласы адалдықты өмірінің өзгермес қағидасы ету арқылы Алла Тағаланың разылығына кенеледі. Өйткені адалдық тек қана асқа, ішіп-жеуде, не кәсіп жасауда ғана қолданылатын сипат емес. Қазақ халқында адал жан, адал дос, адал ас, адал жар, адал перзент сынды т.б. адал сөзімен байланысты ұғымдар өте көп. Бұдан адалдық мұсылманның әрбір ісінде қажет екенін аңғарамыз. 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Әлеуметтік желіде күллі мұсылман қауымы үшін қасиетті болған Құран Кәрімді өртеу оқиғасына қатысты бейне материал таралуда. Ең өкініштісі, бұл әрекет әлеуметтік желі қолданушылары үшін челлендж секілді ұсынылып отыр. Сондай-ақ отандық блогердің Құран аяттарын, нақты айтқанда «Мағун» сүресін әлдебір мерекелік кеште оқыған видеосы жарияланды. Контентті ұсынушылар «Блогер мас күйінде Құранды рэп қылып оқып, жұртты шошытты» деп жазды.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Жұма – аптадағы ең жақсы күн, Алла Тағала бұл күнді мұсылмандар үшін ерекше етіп жаратқан. Жұма - әр мұсылман үшін бір мейрам, бұл күні Алла Тағаланың мейірім есіктері айқара ашыла түсетін болады...

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

«(Мұхаммед Ғ.С.) саған мұнафықтар келген кезде: “Сені, анық Пайғамбар деп айғақ боламыз” деді. Сенің хақ Пайғамбар екеніңді Алла біледі. Сондай-ақ Алла (Т.) расында мұнафықтардың мүлде суайт екендігіне куәлік етеді» (63:1).

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Пайғамбарлардың Пайғамбары Мұхаммед (ﷺ) былай айтқан: «Екі нығметті – денсаулық пен бос уақытты адамдардың көбі бағаламайды» (Бұхари).

Денсаулық – біздің бақытымыздың ажырамас бөлігі, онсыз өмірді толыққанды түсіну мүмкін емес. Өзіміздің физикалық жағдайымызды өз-өзінен болып жатқан дүниедей қараймыз да тек ауырып қалғанда ғана оның қадірін түсіне бастаймыз.