Ақыл табиғаты
«Құран Кәрімдегі Хыжыр сүресінің 28-29 аяттарына назар салсақ, Аллаһу Тағала: «Бейнеленген қара балшықтың кеуіп, сыңғырлағанынан адам жаратамын», (28) - дей келе, «Оған жаратылысын тәмамдап, Рухымнан үрлеген (жан салған) сәтте, оған сәжде қылыңдар», (29) - деді.
Және Ағраф сүресінің 172 аятында: «Сол уақытта Раббың адам балаларының белдерінен нәсілдерін алды да, өздеріне куә етіп, - Мен, сендердің Раббыларың емеспін бе? - (дегенде) олар, - Әрине куәміз, - деген». Ислам ғылымында бұл куәлікті дүниеге келетін бүкіл адам баласы рухтарының бір-біріне берген «Әлмисақ» уәдесі деген түсінік бар.


24 Сәуір 2026
7 Зуль-каада 1447
