Бас имам студенттертермен кездесу өткізді

Бас имам студенттертермен кездесу өткізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданының бас имамы Д.Жандосұлы  аудан орталығында орналасқан «Береке» колледжінің студент қыз балаларымен кездесті. Кездесуде  «қыз тәрбиесі-ұлт болашағы» тақырыпта ой толғап, дәріс өтті. Бас имам қазақ қыздарына дұрыс діни тәлім-тәрбие беру, ізгі істерге жұмылдыру, мешіттегі ұстаздардан білім алуы сынды маңызды міндеттер тұрғанын жеткізді. Қыз баланың тәрбиесіне жете мән берген салтымыз қызға қырық үйден тыйым деп нәзік жандардың бір қолымен бесікті тербетіп, екінші қолымен әлемді тербетіп, йықтарында ұлттың болашағы сынды үлкен аманат бар екенін Д.Жандосұлы қаракөз қарындастарымызға дін мен дәстүрді сабақтастыра түсіндіріп өтті.

Қазақ танымындағы дәстүрлі құндылықтармен қабысқан салиқалы жүздесу соңында студенттер көкейкесті ойларын ортаға салып, ұсыныс-пікірлерін айтты

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: