Тараздықтар белгілі ғалымның уағызын тыңдады.

Тараздықтар белгілі ғалымның уағызын тыңдады.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінің бас имамы Қанат Әділханұлы өңірімізге арнайы келген Ерсін Әмірені жұртшылыққа тағы бір мәрте таныстырды: «Ереке, Тараз қаласына қош келіпсіз! Құрметті жамағат, негізі Ерсін Әміре ұстазды барлығыңыз жақсы танисыздар. Бұл кісіні таныстырудың өзі артық. Сондықтан мен ұстаздың білім жолы мен жасаған қызметі төңірегінде айта кетейін» деп білім жолына тоқталды.

Ерсін Әміре уағызында «Мұсылманның баласы болуың – бақытқа бір табан жақын болуың», «Дінге даналықпен шақыру», «Рухани уағызбен қатар, білім ізденудің маңызы» және т.с.с. тақырыптарға кеңінен тоқталды.

Ұстаз уағызының соңында тыңдарманның «Алланың сипаттарын қалай түсінеміз?» деген сынды сұрақтарына тұшымды жауап берді. 

Ғалым-ұстаздың насихатына жиналған жұрт жұма намазына келгендей мешітті лық толтырды. Тіптен алыс-жақын ауылды мекендерден келіп үгіт тыңдаған Тараз жамағаты шара соңында Ерсін Әмірені қимай шығарып салды.

«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: