Жүзден жүйрік ойыншылар іріктелді

Жүзден жүйрік ойыншылар іріктелді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз шаһарында бұқаралық спортты дамыту, жамағаттардың спортқа қызығушылығын арттыру бағытындағы ҚМДБ жарияланған «Ұлы дала жастары» футбол сайысына іріктеу турнирі өтті.

Дүбірлі додаға қала және аудан мешіттерінен құралған 8 құрама қатысты.  Білектілік пен шапшаңдық танытқан топтар көп ішінен суырылып шығып, тамаша ойын өрнегін көрсетті.

Қарсыластарына шаң жуытпай алдыңғы қатардан көрінген «Һибатулла Тарази» мешітінің жамағаты 1 орынды қанжығасына байласа, Байзақ ауданының жамағаты мен Медресе ұстаздары құрамасы келесі 2-3 орындарды иеленді.

Сайыс ережесі бойынша іріктеу турнирінен өткен топ республикалық жарысқа жолдама алады.

Жерлестерімізге алдағы сындардан сүрінбей өтіп, жеңіс туын желбіретіңдер деген игі тілек айтамыз.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: