«Жастар тәрбиесі»

«Жастар тәрбиесі»

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

2013 жылдың 5 қараша күні Құлан ауыл шаруашылық колледжінің акт залында «Сұлтан» мешітінің ұйымдастыруымен «Жастарға тәрбие» атты колледж жастарымен басқосу өтті. Басқосу мақсаты – жаңа діни ағымдарының қоғамға тигізетін әсерін анықтау, жастар ортасына діни радикализм, экстремизм және лаңкестік идеяларының енуін алдын-алу және ескерту, сонымен қатар жастарды дәстүрлі Ислам дінінің құндылықтарымен сусындатып, түрлі келеңсіздіктер орын алып жатқан заманда еліміздің келешегі бүгінгі жас буынды теріс жолдардан сақтандырып, отансүйгіштікке, имандылыққа бағыттау болып табылады.

Басқосуға Т.Рысқұлов ауданыдық орталық «Сұлтан» мешітінің бас имамы Джадыраев Сұлтаншәріп қажы, Т.Рысқұлов «Жас отан» Жастар қанатының басшысы Утембаев Элдар, аудандық полиция подполковнигі Әшімалиев Серік, колледж жетекшілері мен мүшелері қатысты.

Басқосу жастардың діни сауаттылығын арттыру қажеттілігімен қатар олардың дін саласындағы болып жатқан қазіргі заманғы мәселелерден жан-жақты хабардар етуге, пікір алмасуға, осы арқылы ата-бабамыздан бері жалғасып келе жатқан дәстүрлі Ислам діні, оның ішінде ханафи бағытын насихаттауға бағытталған өзекті мәселелер бойынша «Жастарды түрлі ағымдардан сақтандыру», «Исламның жастарға беретін тәлім тәрбиесі» тақырыптарында жасалынған баяндамалар тыңдалып талқыланды.

Басқосу соңында Жастарға рухани тәрбие беруге қосқан үлесі үшін орталық «Сұлтан» мешітінің бас имамы Джадыраев Сұлтаншәріп қажы марапатталды. Қатысушы студенттер қонақтарға қөкейлерінде жүрген әртүрлі мәселеде сұрақтарын қойып толық жауаптарын алды.

Әбілда Мейірханов

Әскери зейнеткер

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: