Қарттар үйінен хал сұрап ауыз ашар берілді.

Қарттар үйінен хал сұрап ауыз ашар берілді.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жұмыр басты пенде болғасын, іңгәлап дүниеге келген сәттен бастап өмір басталды деген сөз. Тал бесіктен жер бесікке дейінгі ғұмырды адам баласы қалай қастерлеу керектігін жақсы біледі. Дейтұрғанмен имани тұрғыда ойлансақ барлығы бір Алланың жазымышынан асып кете алмайды. Татар дәм-тұзың таусылғанша нендер қиын соқпақтар жолықпай қоймайды. Әсіресе өн-бойыңнан хал кетіп дәрменің азайған тұста, шекеңнен шыққан суық терді сүртерге ешкім болмаса қиын. Аталарымыздың үнемі тілейтін тілегі «Жас кезімде бейнет бер, Қартайғанда зейнет бер» дейтіні тегін емес.
Бүгінгі таңда көпті толғандырған мәселенің бірі «Қарттар» үйінің хал-жағдайы болып отыр. Түрліше себептермен ата-апаларымыздың қартайып көзінің нұры тайғанда жат босаға тастап кету адамшылыққа сыймас болар.


Қасиетті Құранда «Әке-шешең қартайған шағында, екеуі немесе біреуі қолыңда қалса: «Раббым! Бұл екеуі кішкентайымнан мені мәпелеп өсіргендей, ол екеуін де Өзіңнің мейріміңе бөлегейсің! - деп Жаратқанға олар үшін жалбарыну керектігін ескертеді. Ендеше біз ата-анамызды қалай қадірлеп жүрміз? Деген сұрақ әр адамның көңілінде болып, жүрегінде иман нұры шуақ шашқан болса, Ата-бабаларымыз тарихында кездеспеген «Қарттар үйі» бүгін елімізде болмайтын еді.
Қарттар үйіне жылына бір келетін мұсылманның ұлық мерекесі Рамазан айында барып хал-сұрап қайту. Ол кісілерге мерекелік көңіл күй бағыштау ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілдігі «Һибатулла Тарази» мешіт әкімшілігі дәстүрге айналдырған болатын. Биыл да сол игі бастаманы қолға алып Цесна Банктің облыстағы филиалының қызметкерлері мен бірелесе отырып, Тараз қалалық №2 Қарттар үйінде 200 адамға ауыз ашар берді. Ауыз ашарға, ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Жұмабаев Данияр қажы қатынасып, ораза қабыл болсын айтып, қарттарға зор денсаулық тілеп, Құран оқып дұға жасады.


                                              
«Һибатулла-Тарази» мешіт баспасөз қызметі

 

http://gifok.net/images/2013/07/31/nE5Ns.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/07/31/zPFRA.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/07/31/XcPH.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/07/31/AgO4Q.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/07/31/hU8qj.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/07/31/hNOtf.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/07/31/Gygw.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/07/31/p9GX.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/07/31/do9f.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/07/31/xUza.jpg

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: