Қордай ауданы «Омар» мешітіндегі игі іс-шаралар.

Қордай ауданы «Омар» мешітіндегі игі іс-шаралар.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы, Алға ауылында орналасқан «Омар» мешітіде жалпы Рамазанға деген жақсы дайындақтан шетте қалмай, қайта жігерлене дайындалып, қасиетті айды құлшына өткізуде. Оған дәлел ауыл мешітіне арнайы қари шақырылып, тарауих намазында хатым жасап, қасиетті Құраннан күнделікті бір бөлімнен түсіріп Рамазан айының аяғында тәмәмдауға ниетте.

 

Тарауих намазына ауылдың үлкен-кішісі келіп қатысып, сауапқа бөленуде. Бас мүфти бұйрығына сәйкес мешіт қақпасына Рамазан айымен құттықтаулар жазылса, қоршауына пайғамбарымыздың с.ғ.с өсиеттері яғни хадистер жазылған баннерлер ілінуде. Мешіт ауласына кірсең раушан гүлі мен піскен өріктің жұпар йісі мұрныңа келіп, ләззатқа бөленерсің, күтілген түрлі гүлдер мен жеміс ағаштары көзіңді қуантады.

 

Мешіт жанында сауат ашу курсы да ұйымдастырылып, оған 10 шақты балалар келіп қатысуда.Олар араб әліппесімен танысып, қасиетті Құраннан сүрелер жаттап, намаз оқуды жалпы мұсылманның әдептерін үйренді. Балаларға мешіт имамының көмекшісі Ахметчеев Асхат дәріс берді. Курс соңында емтихан алынып үздік оқушылар ерекше сыйға бөленсе, қалған барлық шәкірттерде сыйлықтар алды. Осындай ауқымды және көлемді жұмыстар шағын ауылда орын алып жатқанына қуанып, тамсанасың. Әрине бұл істің ұйытқысы болып отырған мешіт имамы Нұрбақыт Омаров. Мешіт ақсақалдары да, жамағатыда осы істер разы болып, үйымдастырушылар мен демеушілерге өз баталарын беруде.


Дәуренбек Жандосұлы
аудандық «Қордай» мешітінің
баспасөз хатшысы

 

http://gifok.net/images/2013/07/31/S1RU.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/07/31/Z8gzM.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/07/31/FZlSN.jpg

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: