Дені саудың - жаны сау. Осы заманда ауа-райының бұзылуы, табиғат дүниесінің бүлінуінен адам баласының тіршілігіне зор зиян келіп отырғаны баршамызға аян.

Дені саудың - жаны сау. Осы заманда ауа-райының бұзылуы, табиғат дүниесінің бүлінуінен адам баласының тіршілігіне зор зиян келіп отырғаны баршамызға аян.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жаратушы Алланы ұмытып, денінің саулығына шүкірлік ете алмай жүрген бауырларымызда бар. Бұл ащы да болса - шындық. Бүгінде ер адам мен әйел затының қай-қайсысы болсын, ауруға төзімділік қуатынан айырылып, рухани жан-дүниесіне әсер еткен адамды алға жетелеу үшін дұрыс кеңес жасап, қуаныш сыйлай алсақ өзіне-өзі қол салудан арашалап қалған болармыз.

 

Әйел затын ардақтап, болашақ ұрпақтың анасына жақсы мәміле жасау қоғамда жетісе бермейді. Өкінішке орай, мүшелерінің ауруларына да солар жиі ұшырайды. Ең көбі сүт безінің ауруларына (мастопатия, сары сулы ісік) ауруымен ауырғандар бар.

 

Осы адамдарға көмек қолын созып арнайы кеңес беріп отыратын орталықтар жоқтың қасы. Аурулар өзін қор санап, ашық пікірін айтып, ішкі запыранын сыртына шығара алмай булығып қалатын жағдайлары болады.

 

Асыл дініміздің адам баласына рухани азық екенін түсіндіріп, Алланың рахметіне бөленуі жөнінде кеңес бере білсек нұр үстіне нұр емес пе? Осындай жағдайды ескеріп аналарды  қолдау мақсатында құрылған, облысымыздағы «Амазонка» қайырымдылық қоры, «НұрОтан» ХДП-ның қолдауымен, қоғамдағы зиялы қауым өкілдерін және дін өкілдерін шақырып арнайы дөңгелек үстел ұйымдастырды.

 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, «Һибаттулла Тарази» орталық мешітінің бас имамы Жұмабаев Данияр арнайы сөз алып, "Бірінші  байлық  денсаулықтың қадірін біліп, күтіну, аялау үшін адам баласының бойындағы асыл қасиеттердің бірі  болған тазалық екенін бәріміз білеміз. Ендеше тазалық турасына көптеген шариғи үкімдер берілгенін әрбір мұылман баласы жақсы біледі. Денсаулықты қорғау өзіне аманаттап берген мүшелердің ағзаның қадірін білуі болып саналмақ", - деп атап өтті. Сонымен қатар "Науқастанған адамның көңілін сұрап барудың өзі сауапті іс. Науақастанған бауырларымызды зияраттап барып, жақсы сөзбен жұбатып, көңілін марқайтып үмітке шақырудың өзі мына бір хадисте баяндалады: «Шын мәнінде Алла тағала қиямет күні: "Ей, адамның баласы! Мен ауырғанда сен көңіл сұрап келмедің, - дейді. Пенде: "Уа, Раббым! Мен Сенің көңіліңді қалай сұрап барамын, Сен күллі дүние Раббысы емессің бе?, - дейді. Алла тағала: "Білмейсің бе, Менің пәлен құлым сырқаттанған еді, сен оның көңілін сұрап бармадың. Білмейсің бе, егер сол сырқаттың көңілін сұрасаң, Мені сол арадан табар едің (яғни сауабын және Менің мол сыйымды табар едің), - дейді...» (имам Муслим) деген хадисті мысалға алып, ойын жеткізді.

 

Бұл қайырымдылық орынға жалпымыз атсалысып, ауруларға жәрдем көрсетсек деген ойды барлығы бірауыздан құптады.

 

 


 Көгедай Шәмерханұлы.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: