Жамбыл ауылындағы жамағатпен жүздесу.

Жамбыл ауылындағы жамағатпен жүздесу.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданына қарасты Жамбыл ауылының «Әл-Хафиз» мешітіне қасиетті жұма күні Қордай ауданының бас имамы Ә.Шалбай арнайы іс-сапармен келді.Іс-сапардың басты мақсаты мешіттің күнделікті атқарылып жатқан жұмыстарын бақылап, ауыл жамағатының тыныс тіршілігімен танысу болған еді. Ауданымыздың бас имамы Ә.Шалбай жұма намазы алдында «Әл-Хафиз» мешітінің жамағатына уағыз-наситхат айтты. Өз уағызында Ә.Шалбай жұманың қасиеті жайлы айтып, ағымдағы Шағбан айының құндылықтарына тоқталып өтті.

 

Ел арасында ынтымақ пен бірлікті сақтап, жұмала жұмыс істеп жат ағымдардан сақтануға жете көңіл бөліп ерекше тебіреніспен уағызын аяқтап жұма намазын өткізді. Жұма намазынан кейін ауыл әкімі Темір Дархан мырзамен, мешіт жамағатымен, алқа мүшелерімен кездесіп мешіттің тыныс тіршілгі жайлы сөз қозғап, имамның жұмысы жайлы сұрастырды. Сұхбат аяқталысымен аулаға шығып мешіттің жан-жағын көріп кейбір ескертулерді айтып, тез арада кеткен кемшіліктерді түзетуге тапсырма берді. Ауыл имамы А.Уканбаев барлық ескертулердің орынды екенін ескеріп, жұмыс жігерін арттыруға уәде етті. Жамағат өз ризашылығымен аудан бас имамын шығарып салды.


Дәуренбек Жандосұлы
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз хатшысы

 

http://gifok.net/images/2013/06/21/RbUK5.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/06/21/i97Ql.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/06/21/Oq1zE.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/06/21/V0mx1.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/06/21/JSsAL.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/06/21/jdiCF.jpg

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: