ҚМБД-ның тапсырмасына сәйкес жылдағы қалыптасқан тәртіп бойынша биылғы жылы да 1 маусымнан бастап балалардың жазғы демалысын пайдаланып, Жамбыл облысындағы Шу аудандық «Төле би» мешітінің жанынан лагерь ұйымдастырып, 30 оқушы ер бала қабылданды.
Балаларға ҚМБД-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Маямеров хазреттің «Сауат ашу курсы» үшін бекіткен бағдарламасы бойынша дәріс берілуде. Дәрісті Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» медресесінің 1 курсты аяқтаған білімгерлері Сейткамалидинұлы Нұрдәулет және Дінжанов Бағдат сабақ беруде. Оқушылар жатар орынмен және 4-мезгіл тамақпен қамтамасыз етілген.
Сонымен қатар, Шу ауданындағы Жаңажол ауылындағы «Күнту баба» мешітінде және Шу қаласындағы «Айтқұл баба» мешітінде де оқушы ұлдарға арналған күндізгі лагерь өз жұмысын бастады.
Шу аудандық «Төле би» мешітінің
баспасөз қызметі