Ұрпақ қамы-ұлт қамы.

Ұрпақ қамы-ұлт қамы.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы, Жұмабаев Данияр қажы ,балаларды қорғау күніне орай көп балалы отбасылардан хал сұрай барып, төмен жағдайлы отбасыларға мешіт тарапынан «орамал тон болмайды, жол болады»,- дегендей өзінідік сыйлықтар апарып, балаларды мерекесімен құттықтап, көңілді қуаныш сыйлап қайтты.


Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған бұл бастаманы, бас мүфти, шейх Ержан қажы Малғажыұлы өз тарпынан барлық өкілдіктердің имамдарына бұйырған болатын.
Күллі ғаламның рахметіне жіберілген, сүйікті әз Пайғамбарымыздың хадисінде «Адамдарға жақсылық жасау, туған-туысқандармен жақын байланыс жасап, хал-ахуал сұрасып тұру - сауабы тиетін қайырлы істер. Залымдық және туыс-туғандардан қол үзіп кету - жазасы тез білінетін істер»,-деп бұйырады.

 

Бұл хадисті ата-бабаларымызда, жадында сақтап, ізгілік пен бауырмашылдыққа, мейірімділікке ұрпағын тәрбиелеп отырған. Қоғам біреу болсада, жасаған ортада әр адамның тіршілігі әр түрлі, біреу ауру-сырқаудан жағдайы төмендесе, біреудің жағдайы түрліше апаттардан зардап шегуі арқылы қиындықтарға тап болады. Бұның айғағы Жақсылық пен жамандықтың Алладан екендігіне иман келтіруімізде жатыр. Мұсылман -мұсылманның бауыры. Ендеше осындай қиыншылыққа тап болғандарға қарайласпай, жеке бастың қамы үшін өмір сүрсек иманымыздың қаншалықты екенін айтпасақта сездіреміз. Шынайы жүрекпен Аллаға сыйынып, ниетін қабыл ету үшін, иманын кәміл еткен құлдың, жандүниесі сондай көркем, басқаларға мейірім көзімен қарап, ізгілік ниетімен жақсылық жасауда жатыр. Әрқандай жақсылық ізгі амалды біреулерге көрсету үшін, алып барылатын болса онда ондай амалдың еш қайыры жоқ.


Өкіл имам барған жерінде, қиыншылығы бар отбасылардың ата-аналарына, ұлылар өмірінен ғибрат келтіріп, қиыншылқа да сабыр ету керектігін түсіндіріп, жас жеткіншектерге сендер қоғамның ертеңі, Отанның нұрлы болашағысыңдар, талықпай білім ізденуге құлшынып, ата-ана ақылына құлақ асып, тәртіпті бала болыңдар деген риясыз тілегін жеткізді.

 

«Һибатулла-Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

 

 

http://gifok.net/images/2013/06/01/PmGqb.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/06/01/J3KQk.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/06/01/PtL3x.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/06/01/Iyiga.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/06/01/68fx.jpg

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: