Қордай мешітінің жетім балаларға көмек көрсету шарасы.

Қордай мешітінің жетім балаларға көмек көрсету шарасы.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай және бас мүфти, шейх Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығына сәйкес Қордай ауданының бас имамы Ә.Шалбай мешіттен қаражат бөліп жетім балаларға қол ұшын созды.Атап өтетін болсақ аудан орталығы Қордай ауылында тұратын оншақты жетім балаларға азық-түлік пакеттері таратылды. Азық-түлік пакетінде ет, сұйық май, күріш, қант сияқты күнделікті дастарханға қажетті азық-түліктер болса, ал балаларды қуанту үшін пакет ішіне кондитерлік өнімдерде қосылды. Енді аталмыш тағамдар тән азығы болса, жан азығына әрі діни сауатын ашу үшін ҚМДБ сараптамасынан өткен кітәптар үйлестірілді.

 

Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) өзінің ұлағатты хадистерінің бірінде: «Жетімге пана болған кісімен мен ақыретте былай боламыз», - деп сұқ саусағы мен ортаңғы саусағын қоса көрсетіп, жетімге пана болғанның ақыретте өзімен жақын болу бақытына қол жеткізетінін сүйіншілеген еді. Ал енді қай мұсылман баласы ахиретте Мұхаммед Мұстафамен (с.ғ.с.) бірге болғысы келмес?Сол үшін құрметті жамағат жетімдерге қамқор болайық! Аталмыш іс-шарамыз тек қана мереке қарсаңында атқарылған бір реттік іс-шара емес екенін, игі ісіміз жалғасын табуын Аллаһтан дұға етіп, өзіміз қолымыздан келген әрекеттерімізді істейміз иншаАллаһ!


Дәуренбек Жандосұлы
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз хатшысы

 

http://gifok.net/images/2013/05/31/SH1UT.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/05/31/uAfz.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/05/31/FQAlp.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/05/31/saTu.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/05/31/csXD.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/05/31/ijbOD.jpg

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: