Украин қызы Ислам дінін қабылды.

Украин қызы Ислам дінін қабылды.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қалалық «Әулие-ата» мешітіне келген 1994 жылы туылған Карина Лорак Ислам дінін қабылдап, құлағына азан шақыртып, ат қойдырды. Ол өзімен бірге еріп келген таныстары мен мешіттің найб имамы Баймаханов Ораздың алдында «Ләә иләһә иллаллаһ, Мұхаммәдар-расулуллаһ» кәлима шәһәдасын және оның толық мағынасын айтып, шын мұсылман екендігін дәлелдеді.

 

Осындай шешімге келуіңе не себеп болды деген сауалға, ол: «Мен мұсылман қыздарды көрген сайын қызығып тұрамын. Олардың тәртіптілігіне, әдептілігіне де қызығамын. Қазіргі көп жастарда бар кемшіліктер оларда жоқ», - дегенді айта келе, олардың сондай киген киімдері, жүріс-тұрысы, адаммен сыйласу қарым-қатынастары, осы сияқты басқада оларға көп қызығатын артықшылықтарын барын айтты.

 

Найб имам ҚМДБ-ның сараптауынан өткен құнды кітаптарды сыйлап, алда көңіл толғандыратын сұрақтары болса, тек мешіттің арнай дін өкілдерінен сұрауын, ҚМДБ-ның мақұлдауынан өткен кітаптарды оқып тұруына кеңес берді.

 

Аллаһ Тағалаға шексіз шүкір, бүгінгі таңда Исламды қабылдайтын өзге ұлт өкілдері күн санап артуда. Бұл Ислам дінінің таза әрі ақиқат дін екенін көрсетеді.

 

Ораз Баймаханов,
Тараз қалалық «Әулие-ата»
мешітінің найб имамы.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: