Жуалы ауданы бойынша имам-молдалардың кезекті жиналысы өтті.

Жуалы ауданы бойынша имам-молдалардың кезекті жиналысы өтті.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жиналысты ауданның бас имамы Алмас Кенжемолдаев жүргізіп, алғы сөзінде облыста өткен бір апталық семинарға қатысқандығы және облыстағы семинарды жоғарғы деңгейде өткізген Жамбыл облысының өкіл имамы Данияр Жұмабаев өз разылығын білдірді.
Жиналыс барысында  семинарда қаралған мазхабтар тарихы, ағымдардың  шығу себептері, қазіргі шығып жатқан теріс ағымдарға олардың ықпалы сияқты тақырыптар әңгіменің өзегіне айналды.


Сондай-ақ неке, талақ  мәселелері қазіргі күнде қоғамда көптеп кездесіп жатқан ажырасу  мәселелері қозғалды. Орта ғасырда Ислам әлемін дүрліктірген бірақ ғалымдардың  арқасында ара-жігі анықталып қойған, алайда қазіргі күнде көтеріліп жатқан даулы мәселелер, ақида бабында Алланың есім-сипаттары, фиқһ мәселелері мазхабтар арасындағы кейбір келіспеушіліктер т.б  семинарда қозғалған тақырыптар жеке-жеке тоқталып айтылды.
Жиналыс барысында сондай-ақ мешіттердегі тазалық жұмыстары әңгіменің арқауына айналды. Имамдарға мешіттерде сенбілік ұйымдастырып, мешіт тазалығы мен жөндеу  және әрлеу жұмыстарын ұйымдастыру тапсырылды.Зекет қорының жұмысы жандануына байланысты әрбір мешіт жыл сайын Зекет қорына ат салысуын жиналысқа қатысқан имам-молдалардың естеріне салып өтті.


Сондай-ақ ҚМДБ-ның тапсырмасына сәйкес, әрбір молда өз жамағатына ие болу керектігі, олармен шам мен құтпан намаздары аралығында сабақ жүргізу керектігі, яғни жат ағымның ықпалына кетпес үшін тұрақты өзіне келетін жамағатымен тығыз байланыста болу  тапсырылды. Әрбір молданың жұмысы қанағаттанарлық болу үшін кемі бес шәкірті болуы керектілігі еске салынды. Имам-молдалардың ешқайсысы рұқсатсыз қажылыққа немесе шет мемлекетке кетпеу керектігі ескертілді. Барлық тапсырмалар Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы тарапынан келгендігі айтылып, тиісті деңгейде қадағаланып тұратындығы айтылды. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: