Экстремизммен көп болып күресейік.

Экстремизммен көп болып күресейік.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жуалы аудандық ішкі істер бөлімінде діни экстремизмге қарсы күрес тақырыбында жиын болып өтті. Оған ауданның құқық қорғау, сот, прокуратура, әділет, ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері, дін және БАҚ өкілдері шақырылды.

 

Басқосуды ҚР ҰҚК аудандық бөлімшесінің маманы Нұрбек Қалтаев ашып, жүргізіп отырды. Алдымен жиналғандар назарына «Хабар» агенттігі түсірген «Қатерлі жиһадизм» деректі фильмі ұсынылды. Онда әлемде және елімізде бой көрсетіп жүрген экстремистік және лаңкестік әрекеттердің ауыр зардаптары туралы мол мағлұмат берілді.

 

Аудандық әділет басқармасының бас маманы Қалан Мәмбетәлиев Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңына түсініктеме берді.

 

Зиябек Толымбайтегі атындағы аудандық орталық мешіттің бас имамы, ауданның бас имамы Алмас Кенжемолдаев дәстүрлі және дәстүрлі емес діни ағымдар, оларды айыру жолдары туралы мағлұмат берді. Бас имам ислам дініндегі дәстүрлі емес ағымдар тарихына шолу жасай келе, діндегі алғаш бүлік шығарушылардың харижиттер деген атпен танылғанын, олардың мемлекет басшыларының әмірлеріне қарсы шығып, екі халифті өлтіргенін еске салды. Харижиттер одан беріде де тарих сахнасына түрлі сипаттарымен көрініп келеді. Қазір де мұсылман әлемінде болып жатқан төңкерістердің бастауында солардың әрекеті жатқаны анық. Деструктивті ағымдар жайлы сөз болғанда тәкфиршілер, сәлафилер мен дағуатшыларды айналып өте алмаймыз. А.Кенжемолдаев осы ретте олардың бәрін түр-түсіне дейін сипаттап берді.

 

ҚР ҰҚК капитаны Айдын Жанбосынов экстремизм, экстремист сөздерінің мәніне тоқталды. Оның айтуына қарағанда экстермист дегеніміз әлдекімнің психологиялық өңдеуінен өткен, адасқан адам. Экстремистер өз арасында бүгінгі қоғамда орын алған әділетсіздікті, кедейшілікті, жұмыссыздықты, тәртіпсіздікті, сыбайлас жемқорлық көріністерін мысал етіп, оларда харам деп көрсетіп, адалдық жолына түсу үшін дінге берілу қажеттігін түсіндіреді. Олардың уағыз-насихаттары дұрыс жүйемен құрылған, әдепкіде естіген кез келген адамға қатты әсер қалдырады. Бірақ, түп мақсаты діни сауаты жоқ адамды өз қатарына қосып, экстремистік идеяларды таратуға күш салу. Ислам атын жамылып, Құранды басшылыққа алады және намаз үйретеді, ораза тұтудың сауабын түсіндіреді. Сөйте келе, уағызға ұйыған адам ұстаздың айтқаны дұрыс, басқаларынікі бұрыс деп қабылдап,  өз түйсігінен айырылып, таза мәңгүртке айналады. Тәжірибеге сүйенсек, осындай психологиялық өңдеуден өткен жастар өз туған бауырларының, ата-анасының айтқанына құлақ салмай, тіптен қарсы шығуға дейін барады.

 

Экстремистік идеялардың қоғамда таралуының басты арнасы ретінде А.Жанбосынов үгіт-насихат жұмысын ұйымдастыруды атады. Яғни экстремистер өз қолдаушылары арқылы ел ішінде өңдеуге лайық үміткерлер іздейді. Олардың сеніміне кіріп алған соң оқшауланған ортада намаз оқуды үйретеді, Құранды жаттауға шақырады.

 

Аудан прокуроры Нұржан Адилов діни экстремизмнің алдын алу және жолын кесу мақсатында аудан аумағындағы мүдделі мекемелермен және ұйымдармен бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.

 

Басқосу барысында құқық қорғау органдары тарапынан әртүрлі сауалдар қойылып, оларға тиянақты жауаптар қайтарылды.


А.Сәрсен.

 

http://gifok.net/images/2013/04/17/n03Sa.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/04/17/DPxKu.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/04/17/LBZbD.jpg

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: