Қайырымдылық іс-шарасы.

Қайырымдылық іс-шарасы.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) туған күнінде өткен іс-шара Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадисінде: «Жәннатқа ең алдымен жақсылық иелері кіреді», - деген. Жылы жүзді, мейірбан жаны неткен,
Жүректерге иманның дәнін сепкен. Әз пайғамбар Мұхаммед - асыл адам,
Үмметіне ертеңін мәлім еткен, - деп ақын жүрегінен жыр шумағы өрілсе, аудандық «Бәйдібек» мешітінің бас имамы Ғайырфулла Әмірбековтың сөзінен имандылықтың шапағатын сезіндік. 
Қашанда жамағаттың ортасынан табылатын бас имам Мәуліт құрметіне, яғни, пайғамбарымыз Хазіреті Мұхаммедтің (с.ғ.с.) 24 қаңтар - туған күніне орай қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырды.


Мәуліт бүкіл мұсылман әлемінде мейрам түрінде өткізіледі. Мәуліттің құрметіне мешіттерде уағыз айтылады, жамағатпен намаз оқылады. Мұқтаждарға садақа таратылады.
Міне, осы істі перзенттік парыз ретінде қабылдаған бас имам Ғайырфулла Қуанышбекұлы Аса ауылдық округінің әкімі Бауыржан Қалшымбетовпен мақұлдасып, тұрмыс жағдайы төмен 20 отбасына азық-түлік таратып берді.


Мәуліттің құрметіне жиналған жамағат алдында аудан имамы Сандуғаш Ережепова, Әнипа Балтабаева, Балқия Қалисаева, Пернегүл Аяпбергенова, Гүлзахира Қалыбаева, Айнұр Сегізбаева, Құралай Мәсенова, Раушан Сұрабалдиева, Майра Қадірбаева, Людмила Черникова және басқалар секілді тұрғындарға сый-сияпат жасауы адами қасиеттің басты негізі деп бағаладық. Мәуліт мерекесіне орай ұйымдастырылған іс-шарада Аса ауылдық округі әкімінің орынбасары Мадияр Сәмбетов болды.


Жамбыл аудандық «Бәйдібек» мешітінің бас имамы Ғ.Әмірбеков,
 ауыл тұрғыны Ә.Балтабаеваға азық-түлік табыстауда.
Жамбыл облысы, Жамбыл ауданының тілшісі:  Дүйсенбек Орманов

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: