есебі.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әдетке айналған ай сайынғы Қордай ауданының имам-молдаларының  желтоқсан айындағы жиналысы.


Қордай жерінде өткен жиналыс барысында  желтоқсан  айында ҚМДБ-нан және оның облыстағы өкілдігі тарапынан берілген тапсырмалар  мен бұйрықтардың орындалуы, осыған байланысты  өткізілген іс-шаралар жайлы сөз қозғалды. Жиналыс басында ҚР Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050 стратегиясы - Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында айтылған, біздің халқымыз үшін дәстүрлі емес діни және жалған діни ағымдар мәселесі, радикализмнің, экстремизмнің барлық түрлеріне қарсы біртұтас сап құру мен өзге де қоғамдық бағыттағы діни іс-шаралардың тиімділігін  арттыру мәселелері талқыланып, ауданның бас имамы Ә.Шалбай аудан имам-молдаларына елімізге маңызды осы стратегияның орындалуына белсенді түрде ат салысуын тапсырды.


Екінші маңызды мәселе діни басқарма тарапынан жолданған түрлі бағыттағы уағыздар мен әдептілік секілді рухани іс-шаралардың орындалу барысы талқыланып, осындай сауапты істің одан әрі жалғасуы және олардың тиімділігін арттыру туралы айтылды.
Ислам әдебінің үлгісі сол діннің бетке ұстарлары яғни дін қызметкерлері екені еске салынып, киінуден бастап мінез құлықтармен имамдардың үлгі көрсету керек екендігін бас имам Ә.Шалбай еске салды. Ислам әдебі және жанұлық байланыс тақырыптары келешек жұма уағыздарының тақырыбы болып бекітілді.Діни мақалалардың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау мәселесі талқыланып, осы орайда «Қордай» аудандық мешіт қызметкерлерінің бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысы үлгі етілді. Облысымыздың мұсылман жамағатын елең еткізген, облысымыздың өкіл имамы Д. Жұмабаевтың  еңбегінің себебімен ашылған облыстық «hibatulla.kz» діни сайтының тұсау кесері болғандығы айтылып, ауылдарда болып жатқан түрлі діни жаңалықтарды, іс-шараларды осы аталмыш сайтқа жазбаша түрде суреттермен безендіріп жіберу туралы нақты тапсырмалар берілді.


Ауылдағы ағайынды елімізде болып жатқан діни жаңалықтармен танысу үшін және Ислам білімімен сусындату үшін шығатын ҚМДБ-ның діни танымдық баспасөз құралдары «Ислам және өркениет» ислами ағартушылық газетіне және «Иман»  журналына жазылу барысы да көтерілді.
Бас мүфти, шейх, хәзірет Ә.Дербісәлінің  бүгінгі уақыт талабына сай діни кадрлардың қатарын толықтыру мақсатында, жергілікті жерден шәкірттер даярлау ісіне басымдық беру күн тәртібінен түспеуі қажетілігі айтылып, ҚМДБ қарамағындағы облыстық «Һибатулла ат-Тарази» медресесі жанындағы дайындық курсы  мен «Нұр» Қазақ Ислам университетіне шәкіртер жіберу және имам молдалардың өз білім деңгейінде көтеру мәселесі айтылып ҚМДБ қасындағы білім жетілдіру  курстарына қатысу міндеттелді.


 Өзекті мәселелердің бірі мешіт құжаттары болып табылатыны сөзсіз, сондықтан аудан бойынша құжаттары толық емес  мешіттердің құжаттарын реттеуі тапсырылды.  Осындай пайдалы жиналыстардың  әдетке айналдырғаны қуантарлық.
 


 
 


Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: