Әл-Харам мешітіндегі бір күн

Әл-Харам мешітіндегі бір күн

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Arab News газетінің мәлімдеуінше, қыркүйек айында көгілдір экранға 90 минуттық «Әл-Харам мешітіндегі бір күн» атты атты деректі фильм шығады. Бұл фильмнің бір ерекшелігі – аталмыш деректі фильм Меккедегі Қасиетті әл-Харам мешітінде қызмет ететін дін басылары мен қызметкерлерінің көзімен түсірілген.

Фильм британ сценарийшісі, продюсер әрі режиссері Абрар Хусейнмен түсірілген.

Өткен аптада You Tube-ке фильмнің ресми трейлері салынып, оны қыруар адамдар қарап үлгерген екен.

Фестивалдық көрсетілімнен кейін аталмыш фильмді түсірушілер, бұл деректі фильмді көгілдір экрандарда көрсету үшін телеарналармен келісім-шарт жасауды жоспарлап отыр.

Меккедегі әл-Харам мешіті әлемдегі ең ірі мешіт болып табылады, бұл мешітте исламдағы қасиетті Қағба орналасқан. Әл-Харам мешіті туралы бұрында да фильмдер түсірілген болатын, бірақ олардың бәрі иман келтіргендер мен қажылардың көзімен түсірілген фильмдер еді. Алайда Абрар Хусейннің деректі фильмі мешіттің және сол мешіт қызметкерлерінің күнделікті тіршілігін көрсетеді.

Автордың айтуына қарағанда, ол мешіт тірлігінің сәтті ұйымдастырылғанын, оның департаменттерінің бір жөнге салынған жұмысын әрі қызметкерлердің жан-тәнімен беріліп қызмет етуін  көрсеткісі келген. Фильмді түсіру барысында нақты қиындықтар да орын алған, өйткені әл-Харам мешітіне келушілер легі ешқашан тоқтамайды.

Фильмнің бюджеті - шамамен  1 млн сауд риялы (266 мың доллардан көбірек).

Деректі фильмнің тұсаукесері қыркүйек айында Меккеде өтеді, бірақ көрсетілімнің дәл уақыты әлі жарияланбаған.

muftyat.kz


 

Алла Тағала бұл туралы: «Енді сені өзің разы болатын қыблаға (бағытқа) бұрамыз. Жүзіңді «әл-Харам» мешіті жағына қарат. Қай жерде болсаңдар да, (намазға тұрғанда) жүздеріңді сол жаққа қаратыңдар» («Бақара» сүресі, 144-аят)

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: