Антрактидада болған тарихтағы бірінші Құран Меккеге жіберіледі

Антрактидада болған тарихтағы бірінші Құран Меккеге жіберіледі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

3 жыл бұрын «Антарктида-100» экспедиция аясында, оның қатысушыларына Құранның бір данасы берілген болатын, нәтижесінде алғаш рет Антарктидада мұсылмандардың Қасиетті кітабы - Құран пайда болып, азан шақырылған еді. Бір жылдан кейін полярлық экспедицияда зерттеушілермен бірге болған Құран Ислам мәдениеті мұражайына тапсырылған болатын.

17 тамызда Қазан Кремлінде аталмыш Құран салтанатты түрде Алексей Леонов атындағы Орыс георграфиялық қауымдастығы ғылыми-зерттеу су асты жасағының мүшесі Рүстем Гильмутдиновке табыс етіледі. Ал ол өз кезегінде бұл Қасиетті Құранды Меккеге алып барады.

Бұл «Казан басмасы» - Қазанда мұсылмандармен бірінші рет басылып шыққан Құран басылымының  қайтадан басып шығарылған көшірмесі болып табылады. Дәл осы Құран су асты жасағының мүшелерімен бірге 2014 жылы Антрактидадағы «Беллинсгаузен» полярлық станциясында болған.

muftyat.kz


 Құран Кәрімде сүннет туралы: «Егер бір нәрсе үстінде  талас-тартыста қалсаңдар, Аллаға (Алланың кітабы Құранға) және Пайғамбарға (Мұхаммедтің (ﷺ)  сүннетіне) жүгініңдер. Егер сендер Аллаға ахирет күніне анық сенетін болсаңдар, осылай істеу әрі қайырлы, әрі жақсы нәтижелі болмақ» («Ниса» сүресі, 59-аят ), — деген-ді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: