Қытайлықтар Малайзияда Ислам дінін қабылдап жатыр

Қытайлықтар Малайзияда Ислам дінін қабылдап жатыр

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Малайзияда жаңа мұсылман болғандардың оқиғалары көбінесе этникалық мұсылмандар үшін танымды болып келеді.

«Алғашқыда Исламды қабылдайтынымды білген менің қытай достарым біраз абыржып қалды. Исламды қабылдаған соң, мен өзгеріп, олармен араласпай қояды деп санаған екен олар», - деп шыққан тегі қытай, ал өзі жаңадан мұсылман болған Саралин Абдулла ағынан жарылды.

Саралин 24 жасында Құранға және оның терең мағынасына, әсіресе пайғамбарлар мен оларға берілген сынақтар туралы оқи отыра  сүйіспеншілігі оянып, шын жүрегімен Алланың бір екенін білдіретін  шәһәдә айтқан.

«Әлдекім Исламды қабылдаған уақытында, адамдар оның ұлты малайлық болады деп ойлайды. Менің достарым да мені малайлық болып, малайя мәдениетін ұстанатын болады деп ойлап, абыржып қалған ғой».

Селангордің өзінде жылына 3 200 адам Исламды қабылдайды. Бұл адамдардың осы дінге келулерінің себебі әртүрлі, бірақ олардың бәрі дінге кірген соң өз есімдерін өзгертіп жатады. Малайзия қытайлық мұсылмандар қауымдастығы президенті профессор Тауфик Яп Юн Хиннің айтуынша, есімді өзгерту кең тараған стереотип болып табылады.

 – «Қытай есімдерінің басым көпшілігінің өзіндік жақсы мағыналары бар. Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) кезінде мұндай болмаған еді  – адам дінді қабылдағанда оған есімін өзгертудің қажеті болмаған, тек есімнің мағынасы нашар болғанда ғана, есім өзгертілетін болған».

muftyat.kz


 

«Бір мүмінді қуантқан адамды Алла тағала қиямет күнінде қуантады» (хадис)

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: