Ресей Хэллоуин мерекесіне тыйым салуы мүмкін

Ресей Хэллоуин мерекесіне тыйым салуы мүмкін

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ресей Федерациясы Прокуратурасы ел аумағында Хэллоуинды тойлатуға тыйым салу мәселесін қарастырады.

Құзыретті органға заңгер Ярослав Михайлов осындай ұсыныс жіберді. Ол осы күнді Ресей территориясында мерекелеудің заңдылығын тексеруді талап етті. Заңгердің пікірінше, Хэллоуин Ресей заңнамаларына қайшы келеді. Қазіргі уақытта заңгердің шағымы ведомствоның қарауына жіберілген. Ал Ресейдің рухани бірлестік өкілдері Хэллоуинге тыйым салу бастамасын қолдайтындарын жеткізді.

Айта кетсек, Қырым республикасы басшысы Сергей Аксенов кезекті рет білім мекемелерінде Хэллоуинге байланысты қандай да бір шара өткізуге қарсы екенін мәлімдеді. «Хэллоуинге қатысты көзқарасым: бұл Ресей халықтарының дәстүрлі құндылықтарын бұзуға бағытталған мәдени және рухани агрессия құралы. Арнайы киімдермен, шерулермен түрленген тұрмыстық формаға айналған шайтани әрекет. Православтық шіркеу де, Ресей мұсылмандары басшылары да Хэллоуин секілді дәстүрге қайшы құбылыстардың таралуына қарсылықтарын бірнеше рет білдірді» дейді С.Аксенов. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: