Әлемде тұңғыш рет ислам ойыншықтарының интернет-дүкені ашылды

Әлемде тұңғыш рет ислам ойыншықтарының интернет-дүкені ашылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Британиялық мұсылман әйел Назия Насрин әлемдегі тұңғыш ислам ойыншықтары интернет-дүкенін ашты. 

Насриннің айтуынша, ол таңдап алған мұсылман барбилері, түрлі-түсті жайнамаздар, араб әріптері бар текшелер және басқа да ойыншықтар қазіргі нарық олқылықтарын толтырады, сондай-ақ, экстремизммен күресуге көмектеседі.

«Шындығына келсек, балаларды дұрыс емес дүниелерге үйретудің салдарынан экстремизм басталады. Егер балаларға кішкентай кезінен дұрыс жетілдіретін ойыншықтар мен кітаптарды ұсынар болсақ, онда біз олардың бойына шынайы ислам құндылықтарын дарыта аламыз», – дейді ол.

Назрин – екі баланың анасы. Мұндай бизнес құру идеясы ол жүктілік демалысында жүргенде пайда болған.

2014 жылы ашылған дүкен сөрелерінде қазір екі жүздей ойыншық, ойындар және басқа да балалар тауарлары бар. Кәсіпкер осы аптада Манчестерде өтетін Muslim Lifestyle Expo көрмесіне қатысуға ниеттеніп жүр.+

Өз ойыншықтарының маңыздылығын түсіндіре отырып, Насрин: «Балалардың өз дінін, мұрасын мақтан тұтып, Ислам туралы ақиқатты біліп өскенін қалаймын», – дейді.

islam.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: