Қазақстан мен Ресей Сирияға гуманитарлық көмек жібереді

Қазақстан мен Ресей Сирияға гуманитарлық көмек жібереді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан Сириядағы Алеппо тұрғындарына гуманитарлық көмек жіберуді жоспарлайды. Бұл туралы Қытай астанасы Пекинде өткен Сяншань форумында Ресей Қорғаныс министрінің орынбасары Анатолий Антонов мәлімдеді.

Оның айтуынша, Ресей Алепподағы бейбіт халыққа ауқымды гуманитарлық көмек жіберу бастамасын көтеріп, халықаралық қауымдастықты осыған қолдау білдіріге шақырған.

«Ең маңызды міндет Сириядағы халыққа гуманитарлық көмек жеткізу. Соңғы уақытта біз Алеппо ауданы тұрғындарына ауқымды көмек жіберу туралы ұсыныс көтеріп келеміз. Халықаралық қауымдастықтарды, бірқатар елдердің қорғаныс ведомствосы басшыларын шақырдық. Бізді Белоруссия мен Армения қолдады, қазіргі кезде көмек күштерін жіберуде. Гуманитарлық жүктер сонымен қатар Қытай, Әзірбайжан, Сербия, Үндістан мен Қазақстаннан жіберілуі жоспарланған» деп атап өтті А.Антонов. 

ummet.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: