Грекияда неге бірде-бір мешіт жоқ?

Грекияда неге бірде-бір мешіт жоқ?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Грек жерінде мұсылмандар болса да, олардың ғибадатханалары әлі күнге дейін салынбапты. Афина бірде-бір ислами ғимараты жоқ жалғыз Еуропа астанасы саналады. Мұсылмандардың қуанышына орай, енді бұл елде ең алғашқы мешіт бой көтермек. Мұсылмандар қанша жылдан бері аңсап келе жатқан мешіттің құрылысы басталып та кетті. 

Оның Вотаникс деген ауданда салынатын болады. Мешіт құрылысы Грекияның әскери-теңіз күшінің казармасының ғимаратында жүргізіледі.

Мешіт құрылысын жүргізу туралы ұсыныс қаншама рет кері қайтарылып, оны мұсылмандар жылдап күткен еді. Жұма намазы жертөлелерде, тұрақтарда және т.б. елеусіз жерлерде өткізілді. Мұсылмандардың дұғаларының қабыл болғаны шығар, соңында ел парламенті құрылыс рұқсат беру жөнінде шешімге келді. 

Мешіт құрылысына ел бюджетінен 887 000 евро бөлінген. Жарты жылда мешіт құрылысы толық аяқталады деп отыр.
 
muslim.kz
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: