Әлемнің 758 млн тұрғыны сауатсыз

Әлемнің 758 млн тұрғыны сауатсыз

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әлем бойынша кемінде 758 миллион адам сауатсыз қалуда. Олардың басым бөлігін әйелдер құрайды. Біріккен ұлттар ұйымының Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі статистикасы осындай.

ЮНЕСКО бас директоры Ирина Бокованың айтуынша, мектеп партасына отырмаған балалар саны әлемде 263 миллионды көрсетеді. Олардың үштен бір бөлігі қарулы қақтығыс жайлаған территорияларда тұрады.

«Мектепке шабуыл жасау ұлғайып барады. Статистика мектепке бармайтын босқын балалар саны бес есеге өскенін көрсетеді» деді И.Бокова.

«Білімнен шет қалғандардың негізгі бөлігін қыздар мен әйелдер құрайды. Африка елдерінің қиын аймақтарындағы қыз балалары бұл жағдай өзгермесе 2086 жылы білімге қол жеткізеді» деп атап өтті директор.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: