Марокко күннен қуат алатын 600 мешіт тұрғызады

Марокко күннен қуат алатын 600 мешіт тұрғызады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Марокко билігі елде күн энергиясымен жұмыс істейтін 600 мешіт тұрғызуды жоспарлайды.

Айта кету керек, бұл ауқымды жоба алдағы үш жылдың ішінде жүзеге асырылмақ.

Мешіт құрылыстары неміс компанияларымен бірлесе тұрғызылады. Жоспарға сәйкес, алғашқы күннен қуат алатын 100 мешіт осы жылдың соңына дейін бой көтереді.

«Мешіттер – Мароккодағы қоғамдық өмір орталықтарының бірі. Мәдени ошақтарда электр энергиясын үнемдейтін технологияларды енгізу тұрғындарды қоршаған ортаны қорғау турасында ойлануына ықпал етеді» деп атап өті жоба бас инженері Ян-Кристоф Кунтз.

ummet.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: