45 жасқа толмаған әйелдер қажылыққа жалғыз баруына тыйым салынды

45 жасқа толмаған әйелдер қажылыққа жалғыз баруына тыйым салынды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сауд Арабиясы билігі жаңа ереже енгізді. Оған сәйкес, 45 жасқа толмаған әйелдер қажылыққа жалғыз келуіне рұқсат етілмейді.

Аталған жас мөлшеріне жетпеген келіншектер күйеуімен бірге немесе туыстарының бірімен келуі тиіс. Кей ақпарат көздерінің хабарлауынша, бұл ереже қажылар көлемінің төмендеуіне алып келеді.

Бұл мәселеге Бахрейн мемлекеті алаңдаушылық білдірді. Осы елден Мекке мен басқа да қасиетті мекендерге келуші туристер соңғы 9 ай ішінде екі есеге төмендеп кеткен. Туристік компания өкілдерінің айтуынша, бұған корольдікте Рамазан айында орын алған теракті мен елдегі қызмет құндарының көтерілуі себеп болып отыр. «Көптеген әйелдер топтасып қажылық жасауға аттанады. Олардың көпшілігінің жасы 45-тен кіші. Олардың күйеулерінсіз немесе туыстарынсыз қажылық етуіне шектеу қою арқылы қажылыққа барушылардың қатарын азайтады. 45-ке толмаған әйелдер Бахрейн қажыларының шамамен 30%-ын құрайды» дейді Al Asaad туристік компания басшысы Саид Джавад. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: